«Қарабалық ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы»

0
909

Мәслихаттың 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 455 «Қарабалық ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 106 — бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 455 «Қарабалық ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8887 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарабалық ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 — қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 555 597,7 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша –1 183 961,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша –16 548,0 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша –9 087,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша –5 346 001,7 мың теңге;
2) шығындар – 6 513 417,6 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу –210 265,5 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 246 747,5 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу –36 482,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 81 836,8 мың теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу –81 836,8 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – — 249 922,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 249 922,2 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 8-тармағы келесі мазмұндағы 26), 27), 28), 29), 30), 31) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) модульдік ғимараттарды орнатуға;
27) әкімшілік ғимараттардың шатырын ағымдағы жөндеуге;
28) санитарлық — эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін тауарларды сатып алуға;
29) үйде оқитын оқушылар үшін модемдер мен роутерлерді сатып алуға;
30) кезекші сыныптардағы мұғалімдерге еңбекақы төлеуге;
31) қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2 — қосымшалары осы шешімнің 1, 2 — қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы аудандық мәслихатының хатшысы
А. Төлебаев

решение каз