Қарабалық ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарабалық ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет — ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в Карабалыкском районе
В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 50-1 Правил внутренней торговли, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11148), акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
- Определить и утвердить места размещения нестационарных торговых объектов в Карабалыкском районе согласно приложению к настоящему постановлению.
- 2. Государственному учреждению «Отдел предпринимательства акимата Карабалыкского района» обеспечить:
1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
2) размещение настоящего постановления на интернет — ресурсе акимата Карабалыкского района Костанайской области после его официального опубликования.
3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Карабалыкского района Костанайской области.
- 4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.