Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139 — бабы 9 — тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 — бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Қарабалық ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 қаулысының (2016 жылғы 16 маусымда «Айна» аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6412 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. «Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
Қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық аурухананың басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның клиникалық (емхананың) меңгерушісі;
4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
5) акушер;
6) диеталық мейіргер;
7) мейіргер;
8) зертханашы (медициналық);
9) провизор (фармацевт);
10) фельдшер;
11) медициналық тіркеуші.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
5) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
6) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
8) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
3. Білім саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымынан, әдістемелік кабинеттен (орталықтан) басқа);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың);
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;
5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының, барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
6) әлеуметтік педагог;
7) қосымша білім беретін педагог;
8) ұйымдастырушы педагог;
9) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;
10) әдіскер (негізгі қызметтер);
11) музыкалық жетекші (негізгі қызметтер);
12) тәлімгер;
13) жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтер);
14) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтер);
15) аккомпаниатор (негізгі қызметтер);
16) медициналық бике (аға);
17) диеталық медбике;
18) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының басшысы (меңгерушісі);
19) кітапханашы;
20) тәрбиелеуші;
21) концертмейстер (негізгі қызметтер).
4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);
5) кітапханашы;
6) библиограф;
7) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
8) барлық атаудағы әдіскер (негізгі қызметтер);
9) хореограф;
10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
11) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;
12) дыбыс режиссері;
13) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер).
5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) медициналық бике/аға (мамандандырылған);
4) әдіскер;
5) жаттықтырушы — оқытушы;
6) жаттықтырушы.
6. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Определить перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, согласно приложению к настоящему постановлению.
2. Признать утратившим силу постановление акимата Карабалыкского района «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки» от 4 мая 2016 года № 91 (опубликовано 16 июня 2016 года в районной газете «Айна», зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6412).
3. Государственному учреждению «Отдел экономики и бюджетного планирования акимата Карабалыкского района» в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;
2) размещение настоящего постановления на интернет — ресурсе акимата Карабалыкского района после его официального опубликования.
4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Карабалыкского района.
5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
Должность ФИО
Приложение к
постановлению
Перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
1. Должности специалистов в области здравоохранения:
1) руководитель районной больницы;
2) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;
3) заведующий клиническим (поликлиникой) подразделением государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;
4) врачи всех специальностей;
5) акушер (ка);
6) диетическая сестра;
7) медицинская (ий) сестра (брат);
8) лаборант (медицинский);
9) провизор (фармацевт);
10) фельдшер;
11) медицинский регистратор.
2. Должности специалистов в области социального обеспечения:
1) руководитель Центра занятости населения районов;
2) заведующий отделением надомного обслуживания, являющийся структурным подразделением организации районного значения;
3) специалист по социальной работе;
4) консультант по социальной работе;
5) специалист структурного подразделения центра (службы) занятости;
6) социальный работник по уходу за престарелыми и инвалидами;
7) социальный работник по уходу за детьми-инвалидами и инвалидами старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями;
8) социальный работник по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах.
3. Должности специалистов в области образования:
1) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения (кроме малокомплектной школы, дошкольной организации образования, методического кабинета (центра));
2) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения: малокомплектной школы, дошкольной организации образования, методического кабинета (центра);
3) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения (кроме малокомплектной школы);
4) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения: малокомплектной школы;
5) учителя всех специальностей организаций дошкольного, начального, основного среднего, общего среднего образования, в том числе учитель-логопед, преподаватель-организатор начальной военной подготовки;
6) социальный педагог;
7) педагог дополнительного образования;
8) педагог-организатор;
9) педагог-психолог организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования;
10) методист (основных служб);
11) музыкальный руководитель (основных служб);
12) вожатый;
13) инструктор по плаванию (основных служб);
14) инструктор по физкультуре (основных служб);
15) аккомпаниатор (основных служб);
16) медицинская (ий) сестра (брат);
17) диетическая сестра;
18) руководитель (заведующий) библиотеки, государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;
19)библиотекарь;
20) воспитатель;
21) концертмейстер (основных служб).
4. Должности специалистов в области культуры:
1) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;
2) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;
3) художественный руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;
4) заведующий (руководитель) библиотекой государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;
5) библиотекарь;
6) библиограф;
7) художники всех наименований (основных служб);
8) методист всех наименований (основных служб);
9) хореограф;
10) культорганизатор (основных служб);
11) учителя казахского, русского, английского языков;
12) звукорежиссер;
13) инженер всех наименований (основных служб).
5. Должности специалистов в области спорта:
1) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;
2) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;
3) медицинская (ий) сестра/брат (специализированная (ый));
4) методист;
5) тренер-преподаватель;
6) тренер.
6. Должности специалистов ветеринарии:
1) ветеринарный врач;
2) ветеринарный фельдшер.