Очередное заседание Регионального общественного совета по вопросам семьи и социальной защиты населения прошло при областном филиале партии «AMANAT»

0
1116

Бүгін Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Дабылов Аслан Жұмағалиұлының төрағалығымен «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында инклюзияны қолдау кабинеттерін әдістемелік сүйемелдеуді қаржыландыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша «AMANAT» партиясының аймақтық сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды.

Инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысында күрделі құрылымында ақауы бар, аутизмі бар балалармен жұмыс сапасын арттыру мақсатында мамандарды оқыту және әдістемелік сүйемелдеу маңызды болып табылады.

АБА-терапия әдістерін пайдалана отырып, осындай жан-жақты сараптамалық қолдауды «Болашақ» корпоративтік қоры ұсынады.

2021 жылдың жаз мезгілінде Қостанай, Рудный қалаларының және Қарасу ауданының 4 жалпы білім беру мектептері инклюзия кабинеттерін әдістемелік сүйемелдеу үшін «Болашақ»  қорымен 6 млн.теңгеге жуық сомаға шарттар жасасты.

Қазіргі уақытта «Болашақ» қорымен келесі оқу жылына Қостанай қ. №27 Орта мектебін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша шарт жасалды (1,021 млн. теңге сомасында), Рудный қ. №17 Орта мектебінде конкурс жарияланды. Қостанай қ. №29 ОМ және Қарасу ОМ осы жылдың мамыр айының соңына дейін Шарттар жасасуды жоспарлап отыр.

Жалпы облыста инклюзияны қолдау кабинеттерін әдістемелік сүйемелдеуді қаржыландыру мәселесі қатаң бақылауда және инклюзивті білім беруді дамытуға байланысты іс-шаралар жалғасатын болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысты білім басқармасының ақпараты бойынша жазғы демалыс кезеңінде, сондай — ақ сауықтыру, арнайы түзету-дамытушылық қолдау көрсету мақсатында Қостанай қаласы «Балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешенінде 2021 жылдан бастап «Алтынгүл» балалар сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Лагерь облыстың барлық өңірлерінен келген ПМПК қорытындылары негізінде арнайы білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын және тәрбиеленетін жеңіл, орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды жазғы демалыспен қамтиды.

2021 жылдың жазғы кезеңінде 87 бала сауықтырумен қамтылды, 2022 жылы 100-ден астам баланы қамту жоспарлануда.

Әлеуметтік тапсырысты ұйымдастыру шеңберінде «Хатико» қала сыртындағы оңалту орталығы базасында 2022 жылдың жазғы кезеңінде Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептері жанындағы үйде оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі ілесіп жүретін адаммен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін демалыс және сауықтыру жоспарланған. Осы орталықта болған кезеңде балалар мен бірге жүретін адамдар үшін бес мезгіл тамақтану, психологтардың, тәлімгерлердің, нұсқаушылардың қызметтері ұсынылады, сондай-ақ денсаулықты, бос уақытты және шығармашылық еңбекті сақтау, нығайту үшін іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, жыл сайын «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үйінде күтім жасауда жатқан психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 20 мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедектердің жазғы демалысын ұйымдастыру жобасын жүзеге асырады.

Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жазғы демалыс қызметтерін ұйымдастыруға Қостанай қаласының бюджеті қаражатынан 1460,0 мың теңге қарастырылған (10 күнге 10 адамнан 2рет келу).

Жоба аясында қызмет алушыларды жеткізу, тамақтандыру, сауықтыру және ойын-сауық іс-шаралары, «Амиго» ат клубына бару, табиғатқа шығу, балалар мен олардың ата-аналары үшін спорттық іс-шаралар өткізу, экскурсиялар, көрмелерге бару жоспарланған.

____________________________________________________________________

Сегодня под председательством депутата Костанайского областного маслихата Дабылова Аслана Жумагалиевича состоялось очередное заседание Регионального общественного совета по вопросам семьи и социальной защиты населения при Костанайском областном филиале партии «AMANAT».

На заседании совета были рассмотрены вопросы реализации Дорожной карты по исполнению Региональной предвыборной программы партии «AMANAT» по финансированию методического сопровождения кабинетов поддержки инклюзии, а также организация летнего отдыха для детей с ограниченными возможностями.

Важным в работе кабинетов поддержки инклюзии является обучение и методическое сопровождение специалистов с целью повышения качества работы с детьми сложной структуры дефекта, аутизмом.

Такую всестороннюю экспертную поддержку с использованием методов АБА-терапии предоставляет корпоративный фонд «Болашақ».

В летний период 2021 года 4-мя общеобразовательными школами городов Костанай, Рудный и Карасуского района были заключены договоры с Фондом «Болашақ» для методического сопровождения кабинетов инклюзии на сумму около 6 млн.тенге.

В настоящее время с Фондом «Болашақ» на следующий учебный год заключен договор на методическое сопровождение СШ №27 г. Костаная (на сумму 1,021 млн.тенге), в СШ №17 г. Рудного объявлен конкурс. СШ №29 г. Костаная и Карасуская СШ до конца мая т.г. планируют заключит договоры.

В целом, вопрос финансирования методического сопровождения кабинетов поддержки инклюзии в области находится на строгом контроле и мероприятия, связанные с развитием инклюзивного образования, будут продолжены.

Касательно организации летнего отдыха для детей с ограниченными возможностями по информации Управления образования на период каникул, а также с целью оздоровления, оказания специальной коррекционно — развивающей поддержки при Костанайском специальном комплексе «детский сад-школа-интернат» с 2021 года организован детский оздоровительный лагерь «Алтынгул». Лагерь охватывает летним отдыхом детей с легкой, умеренной умственной отсталостью, ЗПР, обучающихся и воспитывающихся по специальным образовательным программам, на основании заключений ПМПК из всех регионов области.

За летний период 2021 года 87 детей были охвачены оздоровлением, в 2022 году планируется охватить более 100 детей.

В рамках организации социального заказа на базе загородного реабилитационного центра «Хатико» в летний период 2022 года запланирован отдых и оздоровление для детей с особыми оброзовательными потребностями с лицом сопровождения в возрасте от 6 до 18 лет на домашнем обучении при общеобразовательных школах Костанайской области. В период нахождения в данном центре предоставляется пятиразовое питание для детей и сопровождающих лиц, услуги психологов, вожатых, инструкторов, а также будут организованы мероприятия для сохранения, укрепления здоровья, содержательного досуга и творческого труда.

Кроме того, ежегодно отделом занятости и социальных программ акимата города Костаная реализуется проект по организации услуг летнего досуга для 20 детей с инвалидностью и лиц инвалидностью старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями, находящихся на надомном обслуживании.

В текущем году на организацию услуг летнего досуга в рамках государственного социального заказа предусмотрено 1460,0 тыс. тенге из средств бюджета города Костаная (2 заезда по 10 человек на 10 дней).

В рамках проекта запланирована доставка получателей услуги, питание, оздоровительные и развлекательные мероприятия, выезды в конный клуб «Амиго», выезды на природу, проведение спортивных мероприятий для детей и их родителей, экскурсии, посещение выставок.