Заседание Регионального общественного совета по поддержке занятости и социально-уязвимых граждан прошло при Костанайском областном филиале партии «AMANAT»

0
502

2022 жылдың 18 наурызында Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Аслан Жұмағалиұлы Дабыловтың төрағалығымен «АMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өнірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Кеңес отырысында 2021 жылға арналған кеңес жұмысының қорытындысы шығарылып, «АMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өнірлік Қоғамдық кеңестің қызметі аясында 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді, «АMANAT» партиясының Аймақтық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының инклюзивті білім беруге жағдай жасау жөніндегі іске асыру мәселелері қаралды, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың «Жұлдызай» шығармашылық фестивалі, «Тең мүмкіндіктер әлемі» балалар инклюзивті фестивалі, «Жан Шуақ» сыйлығы және т.б. шеңберінде қатысу мүмкіндігі қарастырылған.            Қоғамдық кеңес өткен жылғы өз қызметінде отырыстарында 9 мәселе қаралып, қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен партияның аумақтық филиалдарына 31 ұсыныс берілді. Сонымен қатар, кеңес мүшелері жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрт онлайн-отырысына қатысты, жұмыс топтарының құрамында мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп 11 көшпелі рейд өткізді. Олардың ішінде: мүгедектердің жұмысқа орналасуын бақылау, еңбек ұжымдары арасында мүгедектердің құқықтары мен мүгедектерді әлеуметтік ортаға тартудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету сапасына мониторинг жүргізу.            2021 жылғы Партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру шеңберінде уәкілетті органдар 2021 жылға арналған нысандарды бейімдеу жөніндегі бекітілген Жоспарға сәйкес 382 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын қатарға қосты, оның ішінде 351-і басымдық немесе 148,1%. Облыста барлығы 477 жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп болса, оның ішінде 416 (87%) мектепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.Бұл көрсеткішке қол жеткізу білім беру ұйымдарында кедергісіз қолжетімділікті құру, мамандармен қамтамасыз ету және тиісті материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы жүзеге асырылады.            Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, мүгедектер өз бетінше оңалтудың техникалық құралдарының 55 түріне тапсырыс беретін Әлеуметтік қызметтер порталы жұмысқа қосылды.             Қазіргі таңда қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту бөлімдерімен «Е-Собес» ААЖ-дан көмек түрлері бойынша мүгедектердің өтініштерін порталға жолдау жұмыстары жүргізілуде, мүмкіндігі шектеулі жандар порталда техникалық құрал-жабдықтар мен оңалту қызметтеріне тапсырыс береді.            Отырыс барысында кеңес мүшелері мемлекеттік орган басшыларымен бірлесіп, «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында ағымдағы жылға арналған міндеттерді айқындады.            Осы бағытта іс-шаралар жоспарланып, көшпелі рейдтер, әлеуметтік мекемелерге мониторинг жүргізу, мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға қатысу қарастырылған.

___________________________________________________________________

18 марта 2022 года под председательством депутата Костанайского областного маслихата Дабылова Аслана Жумагалиевича состоялось заседание Регионального общественного совета по поддержке занятости и социально — уязвимых слоев населения при Костанайском областном филиале партии «AMANAT».

На заседании совета были подведены итоги работы совета за 2021 год, разработан План мероприятий на 2022 год в рамках деятельности нового Регионального общественного совета по вопросам семьи и социальной защиты населения при Костанайском областном филиале партии «AMANAT», рассмотрены вопросы реализации Дорожной карты по исполнению Региональной предвыборной программы партии «AMANAT» по созданию условий для инклюзивного образования, а также возможность участия детей с особыми потребностями в рамках проведения творческого фестиваля «Жулдызай»,  детского инклюзивного фестиваля «Мир равных возможностей», премии «Жан Шуак» и других.

В своей деятельности за прошедший год на заседаниях общественным советом рассмотрено 9 вопросов, по итогам дана 31 рекомендация местным исполнительным органам и территориальным филиалам партии. Вместе с тем, члены совета участвовали в четырех онлайн-заседаниях Республиканского общественного Совета по поддержке занятости и социально — уязвимых слоев населения, в составе рабочих групп, совместно с депутатами маслихатов, представителями государственных органов и общественных объединений провели 11 выездных рейдов. В их числе: мониторинг занятости лиц с ограниченными возможностями, проведение разъяснительной работы среди трудовых коллективов о правах инвалидов и важности вовлечения лиц с ограниченными возможностями в социальную среду, мониторинг качества обеспечения доступности объектов и услуг социальной и транспортной инфраструктуры.

В рамках реализации Дорожной карты Предвыборной программы партии в 2021 году уполномоченными органами согласно утвержденного Плана адаптации объектов на 2021 год приведены в соответствие 382 объекта социальной и транспортной инфраструктуры, из них 351 приоритетных или 148,1%.

Всего в области функционирует 477 общеобразовательных государственных школ, из них в 416 (87%) школах созданы условия для инклюзивного образования. Достижение данного показателя осуществляется путем создания в организациях образования безбарьерного доступа, укомплектования специалистами и укрепления соответствующей материально-технической базой.

С 1 января текущего года, для обеспечения равного доступа к средствам и услугам реабилитации внедрен Портал социальных услуг, где лица с инвалидностью самостоятельно заказывают 55 видов технических средств реабилитации, не требующих индивидуального подбора и социальные услуги индивидуального помощника, специалиста жестового языка и санаторно-курортного лечения. В настоящее время отделами занятости городов и районов проводится работа по отправке заявлений инвалидов по видам помощи из АИС «Е-Собес» на портал, лица с инвалидностью заказывают на портале технические средства и услуги реабилитации.

В ходе заседания членами совета совместно с руководителями государственных органов определены задачи на текущий год в рамках партийных проектов «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек».

В этом направлении запланировано проведение акций, предусмотрены выездные рейды, мониторинги социальных учреждений, участие в культурно — массовых и спортивных мероприятиях.