25 Наурызда «Senim» «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қостанай облыстық филиалының басшысы Т.Б. Булгацевич төрағалығымен «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Кеңес отырысында өткен жылдың қорытындылары шығарылып, қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары бекітілді және ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалды. Жалпы, 2021 жылы Кеңестің 5 отырысы өткізілді, оның ішінде 2 — Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесі мен бірлесіп өткізілді. Отырыстарда 8 мәселе қаралды, қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға және партияның аумақтық филиалдарына 33 ұсыным берілді. Жол картасының орындалу барысына мониторинг жүргізу мен қатар, Кеңес отырыстарында Қостанай облысындағы босандыру және балалар қызметінің жай-күйі, ана, сәби және бала өлімінің көрсеткіштері, медицина қызметінің жай-күйі туралы мәселелер қаралды
Отырыста «2022 жылы Қостанай облысы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының «Бұқаралық спорт үшін жағдай жасаймыз» 3.4-бөлімінің тармақтарын орындау барысы туралы» ақпаратпен «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы Қ.Т. Есімтаев сөз сөйледі.

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыс халқының жалпы санының 34,6%-ды немесе 297,6 мың адам дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде қамтылды. Бұқаралық спортты дамыту сабақтар үшін жағдай жасауды, бірінші кезекте спорттық инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 51%-ды құрайды. Жол картасына сәйкес 2025 жылға дейін 5 ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, 6 стадионды күрделі жөндеу, сондай-ақ жасанды жабыны бар 30 шағын футбол алаңын, 10 стритбол алаңын салу есебінен спорттық инфрақұрылымды кеңейту жоспарланған. Бүгінде ауылдық жерлерде спорт бойынша 216 нұсқаушы жұмыс істейді.
Отырыс барысында кеңес мүшелері бұқаралық спортты дамыту саласындағы проблемалық мәселелерді, атап айтқанда, оның гендерлік құрамын белгілеп, ұлттық спорт түрлерімен айналысатындардың үлесін арттыру қажеттілігін атап өтті.

_______________________________________________________________________
25 марта 2022 года под председательством руководителя Костанайского областного филиала «Отраслевой профессиональный союз работников системы здравоохранения «Senim» Булгацевич Т.Б. состоялось заседание Регионального общественного совета по вопросам здоровья нации при Костанайском областном филиале партии «AMANAT».
На заседании совета были подведены итоги за прошедший год, утвержден план работы общественного совета и определены задачи на текущий год. В целом, за 2021 год было проведено 5 заседаний совета, из них 2 — совместно с Республиканским общественным Советом по вопросам здоровья нации. На заседаниях рассмотрено 8 вопросов, по итогам дано 33 рекомендаций местным исполнительным органам и территориальным филиалам партии. Наряду с мониторингом хода исполнения Дорожной карты, на заседаниях совета рассматривались вопросы о состоянии службы родовспоможения и детства в Костанайской области, показатели материнской, младенческой и детской смертности, состояние службы медицинской реабилитации детей в Костанайской области.
На заседании с информацией «О ходе исполнения пунктов раздела 3.4 «Создадим условия для массового спорта» Дорожной карты по исполнению Предвыборной программы партии «AMANAT» по Костанайской области в 2022 году» выступил руководитель ГУ «Управление физической культуры и спорта акимата Костанайской области» Есимтаев К.Т.

По итогам 2021 года систематическими занятиями физической культурой и спортом было охвачено 34,6% к общей численности населения области или 297,6 тыс. человек. Развитие массового спорта требует создание условий для занятий, в первую очередь развития спортивной инфраструктуры. Обеспеченность населения спортивной инфраструктурой по состоянию на 1 марта 2022 года составляет 51%. В соответствии с Дорожной картой до 2025 года запланировано расширение спортивной инфраструктуры за счет строительства 5 крупных физкультурно-оздоровительных комплексов, капитального ремонта 6 стадионов, а также строительства 30 мини-футбольных полей с искусственным покрытием, 10 стритбольных площадок, 12 стритворкаут площадок, 1 плавательного бассейна, 29 хоккейных кортов в городах и районах области. На сегодня в сельской местности обеспечена работа 216 инструкторов по спорту.
В ходе заседания членами совета были обозначены проблемные вопросы в сфере развития массового спорта, в частности его гендерной составляющей, подчеркнута необходимость увеличения доли занимающихся национальными видами спорта.